Оқиға

Жаңа жылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды

  • Жаңа жылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды

    Жаңа жылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды

Жаңа жылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды. Алматы облысы Жамбыл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды. Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша, уақытша жұмысынан шеттетілген, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар 25-ші желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте өзара қырқысқан. Әлеуметтік желіге таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді. Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы Мәдениет үйінің қызметкерін жабылып сабаған. Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, тентектік жасаған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап береді.

 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.01.2020, 22:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29