Оқиға

Жаңа жылмен ерекше құттықтаймын деп айыппұл арқалады

  • Көрнекі сурет © pixabay.com

    Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтауда көлігін түрлі гирляндамен безендіріп, ақтаулықтарды Жаңа жылмен құттықтамақ болған тұрғынға жергілікті полицейлер айыппұл салды, - деп хабарлайды инАқтау.

Витайлийдің сөзінше, ол тек жан-жағындағылардың көңіл-күйін көтермек болған екен.

"Мен қалада жүрген кезде адамдар бұған жақсы қарайды. Жүргізушілер дабылдарын қосып, жаяу жүргіншілер суретке түсіріп жатады. Мен ше? Мен тек адамдарға көңіл-күй сыйлағым келді", - дейді көлік иесі.

Ерекше көлік иесінің бұл қылығын полицейлер жақтыра қоймаған.

"Мені жолда тоқтатып, құжаттарымды тексеріп, артынша басшылықпен байланысты. Олар мен бұлай жүре аламын ба, жоқ па сұрап, сосын жіберді. Ал кеше басқа полицейлер тоқтатып, артқы нөмірімді шешіп алып, 12 АЕК (30 300 теңге) айыппұл салды. Егер жыл соңына дейін төлесем 6 АЕК болады. Бәлкім, олардың көңіл-күйі болмаған шығар", - дейді Виталий.

Витайлий - өнеркәсіп альпинисі. Оның жары мен қызы болған оқиғаға қарамастан қолдау білдірген.

"Әйелім ештеңе деген жоқ. Ол менің құрбым секілді болып кеткен, сондықтан тек қолдады. Қызым да "Әке, Жаңа жыл келе жатыр ғой, олар неге олай істеді?" деді. Мен де еш қынжылған жоқпын, баршаңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!", - деді ақтаулық тұрғын.

 




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.12.2019, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29