Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңаөзенде 8 жастағы бала әткеншекте асылып қалды

25 тамыз 2020, 02:07

Жаңаөзен қаласында әткеншекте асылып қалған 8 жастағы бала табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ИнАктау сайтына сілтеме жасап.

 

Қайғылы жағдай Рахат ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде орын алған.

 

23 тамыз күні сағат 20:30-да 103 нөміріне қоңырау шалынған. Медицина қызметкерлері келіп жеткенде сәкіде баланың денесі табылыпты.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан ақпаратқа сәйкес, баланы қарап шығу кезінде оның денесінен соққы іздері, қинап өлтіру әрекеті байқалмаған.

 

"Баланың мойнында қылқыну белгісі болды", - деді ведомство.

 

Ал марқұмның анасы үй ауласында асылып тұрған баласын бірінші болып өзі көргенін айтты.

 

Оның сөзінше, ұлының денесі әткеншек арқанына ілініп тұрған.

 

Қазір Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған еді. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды.