Оқиға

Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды: оқиғаның мән-жайы

  • © Photo : Пресс-служба депар

    © Photo : Пресс-служба депар

Жаңаөзенде көліктен адам мәйіті табылды. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

Белгісіз ер адамның мәйіті 4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында табылды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметіне сәйкес, Мұнайлы ауданының 44 жастағы тұрғынының мәйітін "Жаңаөзен" ойын-сауық орталығының күзетшілері Toyota Camry көлігінен тапқан.

Олардың айтуынша, көлік ғимарат маңында бірнеше күн бойы тұрыпты.

Бұл оқиға Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің "адам өлімі" бабына сәйкес қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

"Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

sputnik 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29