29 наурыз күні үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткен қыздар табылды. Бұл туралы Экспресс К тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдасованы іздестіру жұмыстары бір аптаға созылды.
Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдасова осы уақытқа дейін Ақтауда болған. Екеуі де Жаңаөзен қалалық полицияның тірек пунктіне өздері келді. Олардың қазіргі жағдайы жақсы. Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін ата-анасына табысталады, — деді полиция департаментіндегілер.