Оқиға

Жаңаөзенде көшеден табылған сәбидің жағдайы ауыр, миына қан құйылған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Жаңаөзенде табылған тастанды нәрестенің жағдайы тұрақты ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Жаңабай Оңайбаевтың айтуынша, тексеріс кезінде оның миына қан құйылғаны анықталған.

 

Сондай-ақ, дәрігер баланың басқа да жарақаттары барын айтты.

 

«Тексеруден кейін баланың миына қан құйылғаны және бас сүйегінде басқа да жарақат бары анықталды. Нәрестенің қалай жарақат алғанын дөп басып айту қиын. Өйткені, анасының қашан және қалай босанғанын білмейміз. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестеге қажетті ем-дом жасалды. Зонд арқылы тамақтанады», – дейді Жаңаөзен көпсалалы ауруханасының директоры.

 

Дәрігерлер шақалаққа Бақыт Рахат есімін берген. Баланың тегі өзі табылған шағынауданның атымен сәйкес келеді.

 

Полицейлер баланың биологиялық анасын әлі таппады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 13 қыркүйекте Жаңаөзендегі «Рахат» ауданындағы көшелердің бірінен тастанды нәресте табылды. Тұрғындар жылап жатқан баланың дауысын естіп, 103-ке қоңырау шалады. Жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізген. Баланың салмағы - 2 келі 740 грамм, бойы - 49 сантиметр.

 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 20:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31