19 жастағы әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсау себептерінің бірі айтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
"Астана" телеарансына Жаңаөзендегі №5548 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыс жөніндегі орынбасары Руслан Бөлегенов сұхбат берді.
Оның айтуынша, бөлімде әскери жарғыға сәйкес емес қарым-қатынас болмаған. Жігіт суицид жасамас бұрын өзінің сүйікті қызының үйленіп кеткенін естіген. Бұл оны қайғылы шешімге итермелеуі мүмкін.
Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек туралы гарнизонның тергеу органдарына хабарланды. Келісім шарт бойынша борышын өтеген әскери қызметші болмай қалған махаббатының кесірінен өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін, — деді Руслан Бөлегенов.
Өз белбеуіне асылып қайтыс болған жігіт 19 жаста еді. Ол Жаңаөзендегі әскери бөлімге Ақтөбеден келген болатын.