Оқиға

Жаңатастағы бес баланың өлімі: Көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді

  • Жаңатастағы бес баланың өлімі: Көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді

    Жаңатастағы бес баланың өлімі: Көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді

19 ақпан күні бес бала қайтыс болған Жаңатастағы қайғылы оқиғаның жай-жапсарын көршілері айтып берді. Жақын маңдағы пәтерлердің тұрғындары балаларды құтқаруға тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт 3 қыз бен 2 ұлдың өмірін жалмады. Балалардың үлкені 6 жаста, ал кенжесі 7 айлық болды. Балалар көмірқышқыл газынан уланған. Көршілер оларды құтқаруға тырысты. Олар төрт баланы өз көліктерімен ауруханаға жеткізді, бірақ кеш болды. Кейін пәтерден тағы бір баланың денесін өрт сөндірушілер тапты.

 
"Мен өрт болған уақытта ас үйде отырғанмын. Балалар бұрынғыша ары-бері жүгіріп ойнап жүр деп ойладым. Сыртқа шықсам түтін будақтап жатыр. Бірден үйге кіріп, киініп, фонарь алып, үшінші қабытқа жүгірдім. кіріп көмектеспекші болдым. Бірақ ол жерге кіру мүмкін емес еді", - деді көршісі Садық Егембердиев.

"Меннен дымқыл сүлгі беруімді өтінді. есікті ашайын деп жатыр екен деп ойладым. Артынша қарасам барлық жер көк түтінге оралыпты. Әйелдердің бірі кіріп, екі баланы шығарды. Өте жас, берекелі отбасы болатын. Ата-аналары ішпейтін, балалар да жап-жақсы киініп жүретін. Олар үш бөлмелі пәтерде тұратын", - деп қосты Алтынкүл Жамалбекова.

Еске салайық, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды. Өрт кезінде әкесі жергілікті ауруханада жұмыста болған, ал анасы дүкенге кеткен. Өрттің алдын-ала себебі, өрт жатын бөлмесінде өте тез тұтанатын материалға тиген. Балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша тергеліп жатыр.  

Бұған дейін мемлекет басшысы оқиғағаға қатысты пікір білдіріп, отбасыға көңіл айтты. 

Stan.kz




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30