Оқиға

Жантүршігерлік жол апатынан 6 адам мерт болды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматы-Екатеринбор тас жолында болған жантүршігерлік жол апатында 6 адам мерт болды. Түрлі жарақат алған тағы 6 адамның үшеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Ал, 3 жеткіншек үйлеріне жіберілген.


Оқиға орнында жан тапсырған 6 адамның арасында, 6 жасар кішкентай қыз да бар. Оның әжесі де сол жерде мерт болды. Одан басқа тағы 1 ер адам мен 3 әйел тіл тартпастан кеткен. Оқиға түнгі сағат бірдің шамасында Астраханка кенті маңында болған. «Лада» автокөлігі мен «Volkswagen Golf» Павлодардан Қостанай қаласына жол тартып бара жатыпты. Түн ішінде оларға жолдың қарсы бетінен «Mercedes» келіп соғылған. Қаза тапқандардың бесеуі «Лада» көлігіндегілер, алтыншысы «Мерседестің» жолаушысы.


Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:


- Жедел тексеру тобы «Мерседес» көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ 2115» көлігіне соғылғанын анықтады. Апатқа ұшыраған екінші көлік те соның соңында келе жатқан. Қазір жол ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкелгені үшін Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Сот медициналық сараптама тағайындалды.


 ktk.kz




Көрілген: 2242    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 23:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30