Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаркентте жанар-жағармай құю станциясынан қару-жарақ табылды

05 шілде 2023, 18:14

Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған орын табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірге Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, 9 патронмен бірге STREAMER 1014 травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.

 

 

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.

 

Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз.