Оқиға

Жарылыс кезінде ата-анасынан адасқан балаларды Шымкенттегі мешітке әкелді

  • http://ernur.kz

    http://ernur.kz

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралуда.


Арыс қаласындағы бүгінгі болған жарылыс кезінде жаппай үдере көшкен халықтың бір бөлігі Шымкент қаласындағы орталық мешітке ("Бекжан" базары маңындағы "Ақмешіт") келіп орналасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкент қаласы орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтың айтуынша, қазірге дейін келіп орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан.


Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалардың саны 200-ге жуық дейді ол.


«Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр», дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.


 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31