Оқиға

Жарылыстан зардап шеккен 32 адам Тараздағы ауруханаға түсті

  • Жарылыстан зардап шеккен 32 адам Тараздағы ауруханаға түсті

    Жарылыстан зардап шеккен 32 адам Тараздағы ауруханаға түсті

Жамбыл облысында орын алған жарылыста 32 адамның зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

 “Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті (жеке деректер нақтыланып жатыр). Екі үлкен жарылыс пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жараланған бір қызметкері туралы ақпарат бар (қызметкердің деректері нақтылануда)”,  –делінген әкімдік хабарламасында. .

Оқиға орнына 15 жедел жәрдем бригадасын және 15 облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.

Әлеуметтік желілерде Тараздағы ауруханада түсірілген суреттер таралуда. Таралған ақпаратқа сәйкес көмек көрсетуге медициналық қызметкерлердің барлығы жұмылдырылған. 

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қоймадан өрт шығып, жарылыс болғаны айтылған еді. 

Stan.kz




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 23:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31