Оқиға

Жас спортшы қыз туған күні қарсаңында мерт болды

  • © instagram/ushtobeqz

    © instagram/ushtobeqz

Алматы облысында спортшы қызды көлік қағып кетті. 2005 жылы туған Анастасия Тодорова туған күні қарсаңында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қайғылы оқиға Үштөбе қаласына жақын маңдағы тасжолда, Ортатөбе ауылы маңында болған. Toyota көлігінің жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан 15 жастағы қызды қағып кеткен.

 

Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген видеоны Instagram-да ushtobeqz-тобы жариялады. Анастасия пауэрлифтингпен айналысқан және куәгерлердің айтуынша, сол күні кешке жаттығудан үйіне қайтып бара жатқан.

 

 

Алматы облысының полиция департаменті мәліметінше, оқушы қызды қағып кету оқиғасы 9 қарашада сағат 18.30 шамасында болған.

 

"Toyota Mark II көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Шетелдік көлікті 27 жастағы ер адам солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Ортатөбе ауылының маңында жол апатына ұшыраған.

15 жастағы қыз жол жиегінде сол бағытта келе жатқан. Апат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

 

 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 10:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31