Оқиға

Жауапсыз махаббат балконнан секірте жаздады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Бүгін сағат таңғы алтының шамасында Жезқазған қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне Ғарышкерлер көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі балконнан жас әйелдің секіргелі жатқаны туралы дабыл келіп түсті, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерге келгенде, төртінші қабаттағы балконның жиегінде екі аяғын сыртқа салбыратып отырған отыздың шамасындағы әйелді көреді.

 

Жағдайдың әрі қарай қалай өрбитінін байқап үлгерген тәртіп сақшылары бірден іске кіріскен. Қылмыстық полицияның жедел уәкілі, полиция капитаны А.Ермұханбет әйелді сөзге тартып, алдарқата бастайды. Ал бұл кезде полицияның аға лейтенанты А.Балтабай балконның терезесі арқылы ішке еніп, өмірімен қош айтқысы келген әйелді құтқарып қалады.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Кейін анықталғандай, араққа тойған жас әйел сүре мас болыпты. Ал оны балконнан секірмекке итермелеген себеп – бақытсыз махаббат екен.

 

egemen.kz

 




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 21:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31