Оқиға

Жауған қарды видеоға түсірген әйелден кешірім сұраған аудан әкімінің видеосы пайда болды

  • Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов. Видеодан кадр

    Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов. Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Егіндібұлақ ауылындағы қарды камераға түсірген әйелден кешірім сұраған Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің видеосы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Камераға аудан әкімінің зейнеткермен сөйлескен сәті таспаланған. Ауылдық округ әкімі әжейді қар жауғанын видеоға түсіргені үшін кешірім сұратқан еді. Қанат Кәрімов ауылдық округ әкімдеріне қалың қар салдарынан туындаған мәселені шешуге тапсырма бергенін түсіндірді.

 

"Жағдайыңызды білуге келдім деген жоқ. Бұл кісі маған "ауданның әкімі есеп әкел деп айтты, видеоға түсесіз" деп мені түсіріп алды", - деді әйел шенеунікке.

 

Осы ретте әлдекімнің бұлай айтпадым деген сөзі естіледі. Дегенмен тұрғын сөзінен тайқыған жоқ.

 

"Кешіріңіз, мен әкімдерге барып, не болып жатқанын біліп, жағдайларын шешіп беріңдер деп тапсырма бердім. Енді бұл осылай түсініп отыр", - дейді Қанат Кәрімов.

 

Ал әжей болса, видеоны таратып жібергеніне ашуланды.

 

"Менің видеомды таратудың не қажеті бар еді? Ондай құқықты кім берді сіздерге?", - деді әйел.

 

Кәрімов тұрғыннан кешірім сұрап, зейнеткердің әкімді сотқа беруге құқығы бар екенін айтты.

 

"Мен сізден ауыл әкімінің атынан кешірім сұрап отырмын. Техника жоқ дейді. Қазір Баянауылдағы жігіттермен келісіп, техниканы ұйымдастырамыз. Тек сіздің аулаңызды емес, мына тұрған 4-5 ауланы да тазартамыз", - деді Қанат Кәрімов.

 

 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Құндыкөл ауылдық округінің әкімі Самат Ибраевқа қатысты тәртіптік іс қозғалды.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1530    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 22:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31