Оқиға

Жедел жәрдем бригадасы жол апатынан мерт болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасының мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Аймақтық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылы маңында болған.

 

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тасжолда жедел жәрдем әскери «КамАЗ»-бен соқтығысқан. Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болғаны анықталды. Олардың барлығы да ажал құшты.

 

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасындағылардың хабарлауынша, «КамАЗ» рулінде мерзімдік әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болған.

 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31