Оқиға

Желіде қорқынышты түсін айтып, видео таратқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • CC0 / Wokandapix

    CC0 / Wokandapix

Байқоңыр тұрғыны қорқынышты түсі туралы видео таратып, істі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ер адам алдағы жүз жылда қазақстандықтардың жаппай қырылатыны туралы түс көрген. Түсінде "Аралтұз" АҚ қытайларға сатылыпты-мыс, олар болса өнімге адам ағзасына аса зиянды химиялық қоспалар қосады екен. Ол осының бәрін желіде жариялаған видеосында баяндайды.


"Бұл – жалған, себебі кәсіпорында тұз алу және тазалау процесі қатаң бақылауда, арнайы лабораторияда комбинат өнімінің сапасы тұрақты тексеріледі", - деп "Аралтұз" компаниясының вице-президенті Нағашыбай Әуезханов байқоңырлықтың "түсіне" қатысты пікір білдірді.


Оның айтуынша, бір лабораторияның өзінде қырық маман жұмыс істейді, ал кәсіпорында барлығы 1 200 жұмысшы бар екен.


Сонымен бірге, Әуезханов атап өткендей, қазақстандық кәсіпорын өндіретін тұз экспортқа шығарылады, шетелдік тұтынушылар сапасын сынап көрген емес.


"Акционерлік қоғам тұзды қазақстандық дүкендерге жеткізіп қана қоймай, таяудағы шетелге экспорттайды, тұтынушылармен арада ешқашан проблема болған жоқ", - дейді ол.


Қызылорда облысының полиция департаменті байқоңырлықтың видео үндеуіне қатысты қылмыстық істі қолға алды.


"Үндеуді таратқан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық туғызу) бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Видео авторы мұндай мақсатты көздемегенін, "құдайдың берген аяны шығар" деп халық алдында парызын орындағысы келгенін түсіндірді", - деп облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді мәлімет берді.


Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


 




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31