Желіде Маңғыстау полицейлерінің көлікті қуған сәтінің видеосы пайда болды
Маңғыстауда полицейлердің көлікті қуалаған сәтінде түсірілген видео Желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Toyota Camry автокөлігі құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашып құтылмақшы болған, ол жолдың қарсы бетіне де жолсыз аймақпен де жүрген.
Видео бүгін, 9 қыркүйекте жаряланды. Қуалау шарасы Шетпе - Сайөтес - Бейнеу тасжолында болған.
Видеода жапондық көліктің жүргізушісі қалайда полицейлерден құтылудың жолын іздейді. Патрульдік көлік оны тоқтатқандай болады, алайда ол жолдың қарсы бетіне өтіп, қашып кеткен.
Оқиға бір жарым апта бұрын болған.
"Toyota Camry жүргізушісі жол сақшыларының заңды талабын орындамаған. Қуалау шарасы көпке созылмаған, жүргізуші ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 және 592 бабтары бойынша хаттама толтырылған", - деді полцейлер.