Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Желіде пойыз жүргізушісінің вакцинадан кейін құлап қалғаны туралы ақпарат тарады

16 қазан 2021, 00:48

Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ

Әлеуметтік желіде тәуекелі бар жұмыстарды орындайтын адамдарды екпе салдырмауға шақыратын хабарлама тарады.

Бұған мысал ретінде олар теміржол вокзалында жерге құлаған пойыз жүргізушісін келтіріп отыр. Видео авторының айтуынша, машинист COVID-19 қарсы вакцина алған.

Видеоның түпнұсқасы 9 қазанда BitChute видео хостингінде жарияланды. Портал зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни негізде жеккөрушілікке шақырып, қастандық теорияларын таратуымен танымал. 

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Хьюстонда болған. MetroHouston қалалық көлік қызметінің ресми сайтында да бұл туралы жазылмаған, деп хабарлады stopfake.kz. 

"Видеоның шығуына қатысты және кадрларда не болып жатқандығы туралы сенімді ақпарат жоқ. Роликтің авторы белгісіз. Оның үстіне, видеода пойыз жүргізушісінің құлаған сәті көрінбейді. Ол сүрініп кетті немесе вакцинамен байланысты емес аурумен ауыруы мүмкін деп пайымдауға болады", - деп жазды сайт.
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында да вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ.

Компанияның ресми сайтында COVID-19 жұқтырған қызметкерлер туралы хабарламалар ұдайы жаңартылып отырады. Соңғы ақпарат 7 қазанда жарияланған. Онда федералды заңға сәйкес, көлік компаниясының барлық қызметкерлері жолаушылар сияқты, бетперде тағуға тиіс делінген. Мәтінде қызметкерлерді міндетті түрде вакцинациялау туралы айтылмаған.

sputnik.kz