Оқиға

Желіде танымал "Қызылорда аруының" жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды

  • Желіде танымал

    Желіде танымал "Қызылорда аруының" жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы – 2019" және "Қызылорда аруы – 2017" сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-пабликтерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз Алматы қаласында жоғалып кеткен.  Гүлнұр Нұртазинаның жеке деректері де жарияланды.

Алайда Алматы қаласының ПД полиция басқармасы ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді.

"Алматы қаласының ПД бірде-бір полиция басқармасына және бөліміне хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарламалар, өтініштер, арыздар түспегенін хабарлайды. Бұл жалған қауесет болуы мүмкін", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, "Қызылорда аруы" Гүлнұр Нұртазаның ыдыс жуған видеосы интернетте кең тарап, қызу пікірталас тудырды. Гүлнұр Нұртаза жетім қалып, ақша табуға мәжбүр болғаны белгілі болды.

Гүлнұрдың өзі айтқандай, басқа жерлерде олар одан еңбек шарты бойынша міндеттемелерінен бөлек көп нәрсе талап еткен екен.

Желіде тараған видеодан кейін Гүлнұрға жан-жақтан қолдау көрсетілді. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары оған сән әлемінен жұмыс ұсынды.

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова да Қызылорда аруы Гүлнұр Нұртазаға көмек қолын созды.




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 09:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30