Оқиға

Желіні дүрліктірген суреттер: мамандар көгершін өлексесіне қатысты түсініктеме берді

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Әлеуметтік желіде Алматы саябағында әлсіреген көгершіндердің суреті пайда болды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде жағдайды түсіндірді.

 

"Біз бүгін Алматыда 28 панфиловшы саябағындағы әлсіреген көгершіндер мен құс өлексесі түсірілген суреттерді алдық", - деп жазды әлеуметтік желіде комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

 

 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары саябаққа барады. Ділдахмат өзге мемлекеттік орган өкілдері де баратынын айтты.

 

Олар тиісті сынамалар алып, зертханалық зерттеу жүргізеді.

 

"Құстардың мұндай күйінің нақты себебі зерттеу қорытындысы бойынша белгілі болады", - деді ведомство өкілі.

 

Еске сала кетсек, елде коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

Бұған дейін астаналық әкімдік мұндай шараның тұрғындарға кесірі тимейтінін айтқан болатын. Алайда елорда тұрғындарына көшеге сирек шығуға кеңес берілді.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30