Оқиға

Жерде жатқан электр сымын ұстап алған бала ажал құшты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақмола облысының Жаныспай ауылында 11 жасар бала жерде жатқан электр сымын ұстаймын деп тіл тартпай кетті.


Өзара жалғанған екі кабель трансформаторға жетіп тұрған аса жоғары кернеулі токқа қосылған болып шықты. Оқиға өзен бойында орналасқан су айдау станциясы аумағында болған. Ойын баласы мұнда машинист болып істейтін туысына келіпті.


Бұл сол бала мерт болған су айдау станциясы. Стратегиялық нысан бола тұра,күзетілмейді екен. Есігі аңғал-саңғал ашық жатыр. Тіпті маңайында шектеу қойылған тақтайшалар да жоқ. Сондықтан кез келген уақытта, кез келген адам кіріп шыға береді.


Аталмыш нысан ауылдан небәрі 1 шақырым жерде ғана. Жаныспай өзенінен тәулігіне 80 мың текше метр су айдайтын станция маңайдағы екі елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді.


Қайғылы оқиға болған күні өзенге шомылып шыққан балалар станция ауласында ойнай бастаған. Сол кезде 11 жасар Дмитрий шөп арасында жерде жатқан кабельді ұстай алыпты. Кернеулігі 320 вольтты ток оны оңдырмай ұрған.


Осыдан соң жерде жатқан кабельдерді мамандар бір күнде реттеп, жерге көміп тастапты. Жалғызын жер қойнына тапсырып, қайғыдан есеңгіреп жүрген қыршынның анасы кінәлілердің жауап беруін талап етеді. Наталья Щеголькова,


Дмитрийдің анасы:


- Маған материальдық та, ешқандай көмек қажет емес. Баламның табытының жанында отырып, уәде бердім. Кінәлілер жазасын алады дедім. Сондықтан, кім жауапты сол жазасын алады.


Нысан Есіл аудандық әкімдігіне қарасты коммуналдық шаруашылықтың балансында екен. Бірақ, күзет қойып, қауіпсіздікті бақылауға олар қауқарсызбыз дейді.\


Қайрат Мүкібаев, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» МКК директоры:


- Күзет қоюға қаржылық жағдай көтермеді. Бұрынғы күзет қызметін де сол үшін алып тастағанбыз. Енді қаржы көзін қарастыруға тура келеді. Әрине, бала өліміне бәріміз кінәліміз. Кім ойлаған осылай болады деп. Бәрін ретке келтіреміз.


Қазір бала өліміне қатысты дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полициямен бірге арнайы комиссия да істің мән жайын анықтап жатыр. Ал, қара жамылған отбасы әділеттілікке қалай да қол жеткіземіз деп отыр.


ktk.kz


 




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31