Оқиға

Жеті үй түгі қалмай өртеніп кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысында дала өртінен шағын ауылдағы жеті үй түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Төтенше жағдай 2 мамырда Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің Желяково ауылында болды.

 

 

Жергілікті тұрғынның айтуынша, жайылым өртенген, қатты желден өрт өршіп, ауылды шарпыған.

 

"Үйлер сіріңке сияқты жарты сағат ішінде жанып кетті. Адамдар аман,  кейбірі құжаттарын, енді бірі қорадағы малын құтқарып үлгерді. Бірақ, көбінің малы өлді. Кейбірінің байлаудағы иті, енді бірінің бұзаулары өртеніп кетті. Бұл – сұмдық", - деді әйел Sputnik Қазақстанға.

 

Елді мекенде жеті үй өртенген. Ауылда шамамен 40 үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады.

 

Қазір зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр. Жергілікті тұрғындар ақша қажет емес екенін айтты.

 

"Өлшемі 46-дан басталатын әйелдер мен ерлер киімі және ең қажетті заттар керек. Көрпе, жастық және тағы басқа", - деп өтінді олар.

 

Өңірдің төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға бұл фактіге қатысты ресми түсініктеме әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

 

 

 




Көрілген: 1650    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 16:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30