Оқиға

Жетісайда 3 жасар бала қауынға себетін улы дәріні ішіп мерт болды

  • https://newtimes.kz

    https://newtimes.kz

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Қазыбек би ауылында тіркелген. 3 жасар қыз сусынның ыдысында тұрған улы дәріні ішіп, ауыр жағдайда аудандық аурухана түскен. Нәтижесінде баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған.


«Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан облыс орталығынан санитарлық авияациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог дәрігерлері шақыртылған. Алайда интенсивті терапия жасалғанына қарамастан бүлдіршіннің беті бері қарамады. Өкінішке орай, оны аман алып қала алмадық. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар жасалуда»,- делінген хабарламада.


 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 17:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30