Оқиға

Жезқазған-Қарағанды тас жолындағы жол апатынан 11 жастағы бала көз жұмды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жасар жасөспірімнің жүргізген «Восход» мотоциклі Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклде отырған 11 жастағы бала қайтыс болды. Ал мотоцикл жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

«Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы ойламайды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ата-аналары да бақылауда ұстамайды. Олар балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне де мән бермейді. Егер балаларыңызға заманауи көлік құралын сатып әпергілеріңіз келсе, олардың 16 жасқа толғанын күтіңіз. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қадағалап, көлікке мінердегі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіңіздер. Ең бастысы, балаларыңыздың жүргізу тәжірибесі мен жүргізуші куәлігінің болуы өте маңызды», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

 

 

 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 15:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31