Оқиға

Жезқазған маңындағы қыстауға шабуыл жасап, ұлы мен әкесін соққыға жыққандар ұсталды

  • Көрнекі фото.  https://syr-media.kz/

    Көрнекі фото. https://syr-media.kz/

Белгісіз біреулер Жезқазған маңындағы қыстауға шабуыл жасап, екі ер адамды соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын Polisia.kz сайты хабарлады.

 

Басылымның жазуынша, 11 қыркүйекте Жезқазған полиция басқармасына белгісіз біреулер қыстауға шабуыл жасады деген хабарлама түскен.

 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Анықталғандай таңғы сағат 7.30 шамасында қыстауда кенеттен екі ер адам пайда болған. Олар 52 жастағы ер адам мен оның 23 жастағы ұлын ұрып-соғып, қашып кеткен. Зардап шеккендердің бірі Жезқазған ауруханасына жеткізілген.

 

Полиция шабуылдаушылардың УАЗ көлігімен жүргенін анықтады.

 

Кейін 32 және 35 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

 

Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Күдіктілер қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында болған еді. Шөп тиелген жүк көлігімен келе жатқан әкесі мен баласына жолда қарақшылар шабуыл жасап, соққыға жыққан болатын. Абырой болғанда оларға жол-патрульдік полиция қызметкерлері көмекке келіп, араша түскен. Әкесі мен баласы ауруханаға жеткізілген. Ал зардап шеккендердің туыстары полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, арнайы алғысхат жолдаған.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2083    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 17:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31