Оқиға

Жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматы облысында ұшты-күйлі жоғалған Аружан Асхатқызына іздеу жарияланды.


18 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітпен Жамбыл облысына кетіп қалыпты. Содан бері оны көрдім деген жан жоқ. Ал жігіттің туысқандары қызды наурыздың 28-інде Алматыға қатынайтын автобусқа отырғызып жібергенін айтқан.


Алайда қыздың анасы Венера Байзақованың айтуынша, Аружанды біреулер күштеп ұстап отыруы мүмкін.


Көз жасын көл еткен Венера Байзақованың айтуынша, 18 жастағы Аружан Қуандық Сайытов деген азаматпен әлеуметтік желі арқылы танысады. Тіпті, Тараздан қызымды іздеп келген жігітке Есік қаласындағы үйімде бірге тұруға рұқсат бердім дейді анасы. Ал, наурыз айында Қуандық Аружанды туысқандарымен таныстыру үшін туған жері Жамбыл облысына жол тартыпты.


Венера Байзақова, Есік қаласының тұрғыны:


- 21-інде Таразға барған. Содан жоқ. 28-іне отырғызып жібергенбіз дейді. Баланы не жерлерімді, не күлерімді білмеймін. Көзден жас кетпейді.


Содан бері жанын қоярға жер таппаған Венера қызының ақыл-есінің дамуы тежелген, 3-топтағы мүгедек екенін жасырмады. Көңілінде әлдекім күштеп ұстап отыр деген күдік басым. Алайда, жігіттің анасы інімді бағатын адам жоқ деген Аружан санаулы күннен кейін кетуге бел байлағанын айтады.


Клара, Қуандықтың анасы:


- Мен жұмыста едім, үйдегілер шақыртып алды, кетем жатыр деп. Жалғыз өзіңді таксиге салып жібере алмаймын. Түнде автобусқа саламын азанда түсетіндей дедім. Автобсуқа салдым. Жолақысын төледім. Әр жағына маршуткамен үйіне жетіп алу үшін де ақшасын бердім.


Венера Байзақова, Есік қаласының тұрғыны:


- Бұны сол жақтағы туысқандары қыз мүгедек ауруы бар екен деген. Сөйтіп бұл қызды Тараздан жылатып бері қарай жібереді.


Алайда әзірге Аружан Асхатқызын Алматыдан көрдім-білдім деген жан жоқ. Жылай-жылай жанары суалған анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті, еріктілер тобы Жамбыл облысы бойынша іздестіру жұмысына кіріскен. Ал, Венара Байзақованың айтуынша, 18 жастағы Аружанның аяғы ауыр екен.


ktk.kz


 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31