Оқиға

Жираф атып, зебраны көлікке тиеген: Африкада аң аулаған "қазақтардың" видеосы желіні шулатты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 

Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады.

 

Қолында мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады.

 

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

 

"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңілім құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін. Өкініштісі, жануарларды өлтіру еріккен адамдардың ермегіне айналған сияқты. Біле білсеңіздер, ешкімге мұндай құқық берілмеген! Мұндай оғаш әрекет адам ретінде қатты көңілімді қалдырды , себебі мен жануарлар әлеміне бей-жай қарай алмаймын. Тіпті экзотикалық елдің өзінде адам болып қалуымыз керек. Ешқашан мұндай әрекетті құптамаймын. Ал аңдарға шынымен обал. Егер адамдар аңдарға осылай қараса, онда мұндай азаматтар өз еліндегі жануарларға дәл осындай қатыгездік жасайды", - деді ол.

 

 

 

 

 




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31