Оқиға

Жоғалып кеткен Ащысай тұрғыны терең құдыққа түсіп кеткен (видео)

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

16 наурыз күні сағат 14:00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

 

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

 

16 наурызда сағат 15:10-да​ құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.

 

Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты.

 

Ер адам медицналық көмекке мұқтаж емес.

 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 19:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31