Жол бойында билейтін елордалық қызға шабуыл жасалды

17 тамыз 2021, 17:37

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам қала көшелері бойында билейтін қызға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"16 тамызында сағат 20.36-да 102 арнасына елорда тұрғынынан қоңырау түсті. Белгісіз ер адам оны ұрып кеткен. Қыз кешке Мәңгілік Ел-Керей Жәнібек хандары көшелері қиылысында билегені анықталды. Оған белгісіз ер адам келіп, үйіне қайтуын сұраған. Бірақ қыз оған келіспегендіктен, аяғынан сыммен соққан", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

 

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.