Жол-көлік оқиғасынан кейін жоғалып кеткен қарағандылық азамат табылды

16 желтоқсан 2018, 11:43

11 желтоқсанда жол-көлік оқиғасынан кейін жоғалып кеткен Александр Найман табылды. Ер адам дін аман, туыстарымен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Александрды саябақтан тауып алған. Жігіт жылу құбырларында отырған. Бірнеше күн бойы жігіт қала кезіп, жертөлелерді паналаған екен. Александрдың мұндай қадамға баруына қорқыныш себеп болған дейді анасы.

"Ұлым үйге оралды. Оны кеше алып келді. Азып-тозып кетіпті. Үсті-басы кір-қожалақ. Қорыққаннан қашып кетіпті. Жол-көлік оқиғасы болуына екінші жүргізушімен бағдаршамға таласып қалулары себеп болыпты. Екі жүргізуші де қызыл түске өтіп кетпек болған. Сосын екінші жүргізуші Александрдың артынан қуа жөнеліпті. Оған ұстатпаймын деп Александр қашып кеткен"

"МАИ қызметкерлері бұл оқиғаны қалай тіркегендерін білмеймін.Жол-көлік оқиғасы Маяк бекетіндегі бағдаршамда болыпты, ал полиция қызметкерлері бізге Умайда болған деп айтқан", - деді Ольга Найман.

Әйел адамның айтуынша, апаттың мән-жайы анықталмапты. Бірақ полиция қызметкерлері Александрдың көлігінің нөмірін шешіп алыпты.

Олар бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді талап етпекші.