Жол ортасында ваннаға түскен Ақтау тұрғыны елді шошытты (видео)

26 ақпан 2022, 13:08

Ақтауда жас жігіттер жолдың қақ ортасына ванна қойып, досын шомылдырған, деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

 

Жастар бұл видеоны әлеуметтік желіге өздері жариялаған. Видеода жігіттердің бірі жолдың ортасында суға түсіп жатыр. Кейіннен оның бәстен ұтылғаны, ал бұл ұтқан тараптың тапсырмасы болғаны анықталды.

 

Полиция бұл видеоны әлеуметтік желіге шолу жасаған кезде көрген. Құқық қорғаушылар жастардың жеке басын анықтады, оларды жауапкершілікке тартты. Полицияға шақырып, жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

 

Сондай-ақ жолда суға шомылғаны үшін және оған шомылуға көмектескендерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

 

 

 

 

 

sputnik.kz