Оқиға

Жолан Омаров өмірден озды

  • Жолан Омаров өмірден озды

    Жолан Омаров өмірден озды

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында пневмониядан көз жұмды.

"Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды", - деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Оның артында жары мен төрт баласы қалды.

Талғар аудандық әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Жолан Ыбырайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын Алматы облысы Ұзынағаш ауылында "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында, Алматы облыстық туризм басқармасында жұмыс істеді. Алматы облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.

2017-2019 жылдар аралығында Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болды.

2019 жылдың қыркүйегінен Талғар ауданының әкімі қызметін атқарды.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30