Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жүгіріп өтпекші болған: Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

13 қазан 2021, 10:52

Полиция қызметкерлері Әл-Фараби даңғылында болған жол апатының мән-жайын анықтап жатыр

Алматының орталық көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Peugeut 308 көлігі Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Мендіқұлов көшесінің қиылысындағы жерасты өткелінің жанынан жолға жаяу жүргінші жүгіріп шыққан. Куәгерлердің айтуынша, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болды.

Жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақаттан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды. 

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

sputnik.kz