Оқиға

Жұқа мұз ойылып қаза тапқан балалардың ата-аналары жауапқа тыртылмақ (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ.

Балалар ойнап жүріп абайсызда суға түсіп кеткен. Қайғылы оқиға Жітіқара қаласында болған.

Шаһар орталығындағы жасанды су қоймасына батқан балаларды ең әуелі 65 жастағы зейнеткер құтқармақ болған. Кейін полицейлер көмекке келген. Олар үш баланы жағалауға алып шыққанмен, екеуі сол жерде үсіп, жан тапсырған.

Ал жансақтау бөліміне жеткізілген сегіз жастағы баланың жағдайы жақсы. Енді оларды қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін.

Ирина БЕЖЕНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде оқиға бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр.

Құтқарушылар рейд үнемі жүргізілгенімен, балалар мен балықшылар бұған құлақ аспайды деп отыр. Дәл қазір мұздың қалыңдығы небәрі 3 сантиметр көрінеді.

Талғат КӘКІМОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ:

Балалар ойын кезінде абайсыз суға түсіп кеткен. Су айдынының тереңдігі 1-1,5 метрге жуық. Қаланың ортасында орналасқан. Балалар ойнайтын сондай бір аумақтың маңайында. Көл бетонный конструкциямен былай қоршалған. Биіктігі бір тізеден келетін.

 

astanatv.kz

 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 21:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31