Оқиға

"Жұлқылайды да, түріме қарайды": Тобыл өңірінде қасқырға таланған екі адам аман қалды

  • "Жұлқылайды да, түріме қарайды": Тобыл өңірінде қасқырға таланған екі адам аман қалды

Қазіргі кезде аудандық инспекция мамандары елдімекен төңірегін тінтіп, түз тағысын іздеуге кіріскен

Тобыл өңірі тұрғындарына қасқырдан қауіп төнді. Аймақтағы Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында түз тағысы 2 адамды талаған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.  

Ауылға кірген қасқыр алдымен 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап берген. Екеуінің де аяқ-қолын тістелеп тастаған.

"Секіріп, айырды ұшырып жіберді де мені жерге құлатты. Қолымды шайнай бастады. Жұлқылайды да, түріме қарайды.Тағы тістелеп жұлқылайды да түріме қарайды. Екі қолым мен аяғымды солай жарақттады. Сүйекке зақым келген жоқ. Түнде ауданға барып, дәрі беріп, тікті", – дейді түз тағысына таланған ауыл тұрғыны Бидагүл Елемесова.

Адамға қасқыр шапқанын білген жергілікті тұрғындар жедел көмекке келіп, қасқырды атып өлтірген.

"Ел болып, қасқырды атып алып, ауданға апарып тапсырдық. Оны басқа бөлімшелерде де көрген екен. Бірақ енді қанша қасқыр барын айту қиын. Мүмкін осы бір ғана қасқыр болуы мүмкін", – дейді Қарақоға ауылдық округінің әкімі Тілеуқабыл Дүйсенов.

Солай десек те, тап сол күні ауыл ішінде одан басқа тағы бір көкжалды көргендер бар көрінеді. Енді аудандық инспекция мамандары елдімекен төңірегін тінтіп, түз тағысын іздеуге кірісті.

Айта кетейік, қазіргі кезде жыртқышқа таланған ауыл адамдарының денсаулығына қауіп жоқ. Медициналық көмек көрсетілген соң, олар үйіне жіберілген.




Көрілген: 3967    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 09:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31