Оқиға

Жүргізуші жан түршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

  • Жүргізуші жан түршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

    Жүргізуші жан түршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

Қапталдағы көлікті жоғары жылдамдықпен басып озған қара LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылды
Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған апаттың видеосы әлеуметтік желілерде кең таралуда.

Автокөліктің санаулы секунд ішінде метал үйіндісіне айналған сәті оқиға куәгерлерінің видеорегистраторына түсіп қалған. Жол апаты 25 қазан күні 14.40-та болды.

Видео авторының машинасын қара түсті LADA көлігі жоғары жылдамдықпен басып озады да, көп ұзамай сырғып барып, жол жиегіндегі қоршауға соқтығысады.

Қатты соққы әсерінен асфальт бетінде бірнеше рет айналып жолдың сол жақ қапталына сырғыған көлік жүргізушісі таңғажайып жағдайда аман қалды. Онымен қоймай, өзіне қарай дөңгелеп келе жатқан қосалқы шинаны жүргізуші тоқтатып үлгереді. Бұл әрекетке қарап, оның ауыр жарақат алмағанын байқауға болады. 


 

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстанға ұсынған деректеріне сүйенсек, ВАЗ 2114 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі "Бүркіт" кафесінің маңында жоғары жылдамдықпен Пришахтинскке қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай темір қоршауға соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер Қарағанды ​​облыстық медицина орталығына жеткізілген.

Айта кетейік, демалыс күндері аймақта ауа райының құбылуына байланысты жол апаттары жиілей түсті. Оған көптеген жүргізушілердің көлік доғалақтарын қыстық шинаға ауыстырып үлгермеуі себеп болуы мүмкін.
 
 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31