Оқиға

Жүргізуші полицейді 30 метрге дейін көлігімен сүйреп кеткен (видео)

  • Көрнекі фото.  ©Турар Казангапов

    Көрнекі фото. ©Турар Казангапов

Полицейдің заңды талабына бағынбай 30 метрге дейін көлігімен сүйреп кеткен тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қандай да бір құқықбұзушылық анықталса, ішкі істер органдарының қызметкерлері қауіп қатерге қарамастан бірінші болып әрекет етеді. Алайда полицияның жұмысын кері түсініп, өз құқықбұзушылықтарын жасырғысы келетін азаматтар аз емес.

 

Әсіресе мұндай жағдайлармен патрульдік полиция қызметкерлері жиі ұшырасады. Себебі жолда түрлі тосын жағдайлар орын алады.

 

 

Мәселен, Жетісай АПБ патрульдік полиция тобының инспекторы Ертау Саурамбаев әріптесімен бірге жолдарды патрульдеу кезінде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатады. Полицейлер оның құжаттарын тексеріп, күңгірттеп алу заңға қайшы екенін түсіндіріп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырады. Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі күңгірттелген пленканы алып тастауын сұрайды. Алайда заңды талапқа бағынғысы келмеген тұрғын қасында тұрған полицейге қарамастан, көлігін айдап, тәртіп сақшысын 30 метрге дейін сүйреп кетеді.

 

Осылайша болған оқиғаның барлығы полицейдің бейнежетонына түскен.

 

Ал автокөлік сол мезетте айыптұраққа қойылды.

 

Бұл жайт бірден ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді.

 

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға құқықбұзушылық жасамауға шақырады. Ал егер де сіздің тарапыңыздан заң бұзылған сәтте полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағыну қажеттілігін ескертеді.

 

Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

 

 

 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31