Оқиға

Жылаған тәрбиешісін жұбатқан бүлдіршіндер елдің жүрегін елжіретті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде 3-4 жасар балалардың тәрбиешісіне деген мейірімі мен ыстық ықыласы бейнеленген видео тарады. Оқиға еліміздің бір бала бақшасында болғаны байқалады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бейнежазбада ойын балалары тәрбиешісін тыңдамай, асыр салып ойнап жүргені көрінеді. Бұған "ыза" болған апайы отыра қалып, жылаған кейіп танытады. "Бұзақылар" сап тыйылып, тәрбиешісіне жандары ашып, қасына жүгіріп келіп, үймелей қалады. Бірі құшақтап, екіншісі жұбату сөздерін айтып, бар мейірімін төгеді.

 

Тәрбиешісінің тапқырлығы "құлақсыз" бүлдіршіндерді дем арасында тыныштандырды. Бұл жылы бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндіріп отыр. Бірі "періштелер" деп, балаларға ризашылық білдірсе, бірі "жақсы адамды бала мен ит қана ажырата алады" деп тәрбиешісіне де жылы лебіз қалдырған.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 3429    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 23:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30