Жыныс мүшесін сыртқа шығарып, дүкен аралаған жігіт жұртты шошытты (видео 21+)

23 ақпан 2022, 19:24

Шымкентте сауда орталығындағы әйелдерге арналған киім сататын дүкенді аралаған жігіт көпті шошытты. Ол сауда орны ішінде шалбарының алдын ашып, жыныс мүшесін елге көрсетіп жүрген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бейнежазбадан бетіне бетперде таққан ер кісіні көруге болады. Ер адам әйелдер киімдері сатылатын дүкен ішін еш алаңсыз аралап, шалбарының алдын ашып, жыныс мүшесін салбыратып жүреді. Сонымен қатар, бірнеше рет мүшесін қолымен ұстайды. Оқиға 20 ақпан күні болған.

 

Ер кісі дүкен сатушысының ескертуін елемепті.

 

 

Қалалық Полиция департаментіндегілер қоғамдық орында бейәдеп қылық танытқан ер кісіні іздеп жатқанын алға тартты.

 

Айта кетейік, қоғамдық орындарда жыныс мүшесін шығарып жүру ауытқушылықтың бір түрі. Ғылыми тілде эксгибиционист деп аталады. Олар мүшелерін бейтаныс адамдарға көрсетіп жүруден жыныстық ләззат алады.