Оқиға

Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды

  • © sputnik

    © sputnik

Трансгендер Виктория Берікқожаева түрме қызметкерлеріне қатысты күш қолданбақ болды деп айыпталды.


Әйелдің ісі сотқа 11 қаңтарда түскен, алайда бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ, деп хабарлады Алматы облыстық соты Sputnik Казахстан.


Берікқожаеваға қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-тармағы (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіру) бойынша айып тағылған.


"Іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді", — деп хабарлады мекеме.


Аталған баптың 2-тармағы бойынша адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану үшін үш жылдан жеті жылға дейін жаза мерзімі тағайындалады.


Виктория Берікқожаеваның ісі


2016 жылы Виктория Берікқожаева (бұрын Кәрімжан Берікқожаев болған) Алматы дәмханаларының бірінде ұсталды. Істің материалы бойынша, ол жынысын ауыстырғаны туралы жайып саламын деп басқа бір трансгендерді қорқытып, ақша бопсалаған.


2017 жылы Виктория Берікқожаева айыпты деп танылды. Оны жеті жылға бас бостандығынан айырып, әйелдер түрмесіне отырғызған болатын.


Былтыр құқық қорғаушы Айман Умарова Виктория Берікқожаеваға түрмеде күн көрсетпейтіні туралы жазған болатын. Умарованың айтуынша, мекеменің санитарлық бөлімі қызметкері қызға бірнеше рет тіл тигізгені үшін, трансгендер оның погонын жұлып алыпты.


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.01.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30