Қалаға барған ауылдың қызы белгісіз жігітке көмектесем деп қарызға батты

28 сәуір 2022, 17:36

Өскемен қаласында ауылдан келген келіншек алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Полицияға Глубокое ауданының тұрғыны арызданды. 22 жастағы қыз алаяққа алданды. Сауда орталығында белгісіз жігіт біреуге звондаймын деп, оның ұялы телефон сұраған. Бірақ қоңырау шалудың орнына интернет қосымшамен смартфонға кредит рәсімдеп жіберген. Қыз 220 мың теңгеге қарызға кірді.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы ер адам ұсталды. Облыс орталығының тұрғыны өз кінәсін мойындады.

 

Сол сияқты Семей қаласыың 26 жастағы тұрғыны да алданып қалды. Ол дәмханаға қажет заттарды 1 150 000 теңгеге сатып алған. Бірақ ақшаны алған жігіт ұшты-күйлі жоғалды. Тәртіп сақшылары 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол да өз кінәсін мойындады.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

 

Осы қылмыс үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.