Қамауда отырған Қайрат Құдайбергеннің парақшасында жазба пайда болды

11 мамыр 2022, 20:24

Қамауда отырған Қайрат Құдайбергеннің Facebook  парақшасында жазба пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kznews.kz.

Кәсіпкер қаңтар қақтығысына қатысы бар деп айыпталған еді.

 

Алайда жазбаның авторы кім екені белгісіз.

 

«Құрметті қазақстандықтар. Қайрат Құдайбергеннің парақшасын уақытша басқаруды аманат қылып алдым. Алдыңғы уақытта әділдік үшін бірге күресейік. Қайрат Құдайбергеннің еш кінәсіздігін ел болып білеміз. Құзырлы органдар бөтен ойсыз ақ қарасын ажыратып Құдайберген Қайратты бостандыққа жіберетініне сенеміз. Сіздерден зор қолдау күтеміз өйткені Қайрат ешкімді қолдаусыз қалдырмаған еді», — деп жазылған.