Қапшағай тасжолында тұман салдарынан бірнеше көлік жол апатына ұшырады (видео)
Алматы - Қапшағай тасжолындағы учаскелердің бірінде бірнеше көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Бұл жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда кешкі уақытта болған. Жол апатының видеосы Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында жарияланды.
 
Видео кадрларынан тұманда жол бойында кем дегенде он көліктің тұрып қалғаны көрінеді. Көктайғақ салдарынан көлікердің бір-біріне соғылып жатқаны да байқалады.
 
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!