Оқиға

Қапшағайда ер адам гидроциклден құлап, суға батып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қапшағай су қоймасында қауіпсіздік кеудешесі жоқ 40 жастағы ер адам гидроциклмен қатты бұрылмақ болып, құлап түсіп суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«24 шілдеде Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан жағажайда қауіпсіздік-құтқару кеудешесі жоқ күйде 1980 жылғы Б. есімді ҚР азаматы тіркеуде жоқ гидроциклмен су айдынына шығып, су бетінде маневр жасай бастаған. Кезекті бұрылыста суға құлап батып кеткен. Қазір Алматы облысы бойынша ТЖД қызметкерлері оның денесін іздестіріп жатыр», делінген хабарламада.

 

Көлік комитеті су айдындарында шағын көлемді кемені қауіпсіз пайдалану нормасын сақтау қажеттілігін ескертеді.

 

Мекеменің мәліметінше, шағын көлемді жүзу құралдарын мынандай жағдайда пайдалануға тыйым салынады:

 

- құтқару кеудешесін киіп, не алып шықпай;


- шағын көлемді кемені басқару куәлігінсіз;


- жолаушылар сыйымдылығы нормасын сақтамағанда;


- техникалық ақау болған жағдайда және т. б.

 

Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік нормаларын бұзбағанда су көлігіндегі оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

 

Айта кетсек, флотта апатты болдырмау және суда адамдардың өмірін сақтау мақсатында Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері 1 маусымынан бастап еліміздің барлық су айдындарында «Скутер» акциясын бастады.

 

«Бүгінгі күні көлікті бақылау органдарының қызметкерлері 1 205 шағын көлемді кемені тексеріп, нәтижесінде 244 кемшілікті анықтады, жалпы сомасы 1 млн 518 мың теңгеге айыппұл салынып, 30 кеменің пайдалануына тыйым салынды», делінген хабарламада.

 

Көлік комитетінің баспасөз қызметі, су айдынында кемелерді қауіпсіз пайдалану талабы бұзылғанын көрген жағдайды осы туралы тәулік бойы жұмыс істейтін Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының нөміріне хабарлауды сұрайды.

 

Фото және бейне материалдарды Whats App мессенджері арқылы 8 708 088 08 00-ге жіберуге болады.

 

Еске сала кетсек, Қапшағайдағы демалыс орындарының жұмысы 2 тамызға дейін тоқтатылды.

 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.07.2020, 01:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30