Бүгін таңертең Қарағанды-Ағадыр бағытындағы Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "qazaqstan.tv"-ға сілтеме жасап.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа бастапқы вагон дөңгелектерінің айналмай қалуы себеп болған.
Бидай тиелген пойыз тіркемелері жеке компанияға тиесілі.
Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Апат болған учаскені тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Екі жолаушылар пойызы кестеден кешіккен.