Оқиға

Қарағанды облысында 14 млн теңгенің тендерін ұтқан кәсіпкер жоғалып кетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қарағанды облысында 8 күн бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшысының жеке бақылауын алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өткен жұма, 3 қыркүйек күні вахталық жұмысқа кеткен 39 жастағы қарағандылық жоғалып кетті.

 

Ол жұмысына бармаған. Жоғалған азаматтың туған-туыстары ол соңғы рет Қаражал қаласынан хабарласқанын айтады.

 

Қазіргі уақытта жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оны облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин жеке бақылауына алғанын Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

 

«Із-түзсіз жоғалған азаматты іздеуге ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Қазіргі уақытта облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Жаңаарқа ауданы, Қаражал қалалық Полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған іздеу топтары жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматты іздеу жұмысына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен еріктілер тобы да жұмылдырылды. Сонымен қатар іздестіру жұмысына әуеге тікұшақ көтерілді. Бұл бағыттағы жұмыс бақылауда», - деп жазылған департамент басшысының жеке парақшасында.

 

Өңірдің танымал блогері де Facebook парақшасында осы жағдай туралы жазба жариялаған. Онда ол жоғалған жігіт биыл 14 млн теңгеге тендер ұтқанын тілге тиек етеді.

 

 

 

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 21:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31