Оқиға

Қарағанды облысында әйел 35 жыл бойы көрмеген ұлымен қауышты

  • © Sputnik / Valeriy Melnikov

    © Sputnik / Valeriy Melnikov

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны 35 жыл бойы көрмеген ұлымен кездесті. Бұл туралы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлдана Үмітбаева айтты.

 

Үмітбаева танымал "Жди меня" бағдарламасының кезекті сюжетіне арқау бола алатын оқиғаны бөлісті.

 

 

Айтуынша, былтыр "Учаске" жедел профилактикалық шарасын өткізу кезінде ол Тұзды ауылында тұратын Галина Румянцеваны тапқан. 60 жастағы әйелдің еш құжаты болмапты, сол себепті зейнетақы ала алмай жүрген. Қарт әйел ешқайда жұмыс істемейтін және ішімдікке әуес қызымен бірге тұрған. Полиция отбасыны есепке қойып, бақылауға алған.

 

Зейнеткер әйелдің қызы қайтыс болғаннан кейін, Галина Михайловна үй-күйсіз далада қалды.

 

"Оның құжаттарын реттеу үшін біз Галина Михайловнаны Қушоқы ауылының дағдарыс орталығына орналастырдық. Әйел туыстарын іздеді, маған ұлы бар екенін айтты. Бірақ ол баласы жеті жаста болғанда оны тастап кетіп, тұрмысқа шыққан. Сөйтіп баласымен байланысын үзген. Осыдан кейін мен зейнеткердің ұлы Сергей Румянцевті іздестіре бастадым",- деп келтірді Үмітбаеваның сөзін Polisia.kz.

 

Гүлдана Үмітбаева ер адам Қостанай облысы Придорожное ауылында тұрып жатқанын анықтады. Галина Михайловна 35 жыл ішінде алғаш рет WhatsApp арқылы ұлымен сөйлесті. Ұзақ жылдардан кейін баласымен табысқан ана көңілі босап, жылап жіберді.

 

Сергей Румянцев Бұқар жырау ауданына келіп, анасын өз үйіне алып кетті.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 17:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31