Оқиға

Қарағанды облысында бәзбіреулер кафеге кіріп, келушілерді соққыға жыға бастаған (видео)

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысының тұрғындары кафелердің бірінде болған төбелес туралы хабарлады. Куәгерлердің сөзінше, бәзбіреулер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, келушілерді ұра бастаған. Өңірлік полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

 

Оқиға Ақшатау ауылындағы кафелердің бірінде болған.

 

Куәгерлердің сөзінше, төбелеске 20 шақты адам қатысқан. Олар шабуылдаушылардың қаруланғанын, зардап шеккендердің кейбірі ауыр жарақат алғанын айтады.

 

Осы ретте Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл ақпарат асыра айтылған.

 

Тәртіп сақшыларының дерегінше, жанжалға 20 емес, 8 адам қатысқан. Шабуылдаушылардың қолында қару болмаған. Расымен де зардап шеккендер бар, алайда олардың жарақаты ауыр емес дейді құзырлы орган.

 

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "Ақжол" кафесінде жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындаған. Бүлік болып, мүлікті қиратқан. Жанжал кезінде қару қолданылмаған. Қазіргі сәтте бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің басшысы Тимур Солодуха.

 

Видеодан аталған жайтты 13.05 минуттан бастап көруге болады.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31