Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында екі баланы ит талап тастады. Салдарынан үш жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға Ақтоғай ауылында 1 сәуір күні кешке болған. Полицияға екі баланы ит талағаны туралы ақпарат түсті.
"Анықталғандай, 3 және 5 жасар екі бала үйінің ауласында ойнап жүрген. Осы кезде оларға бос жүрген ит тап берген", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, үш жасар бүлдіршін ауруханада жан тапсырды. Екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Ақтоғай ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр.